top of page

 23-сәуір - "Кітап және авторлық құқық" күні қарсаңында оқушылар мен мұғалімдерге авторлық құқық пен плагиат жөнінде ақпарат жазылған бетбелгілер таратылды.

 

          28.04.2015   Темирбаева Б.Б.

    "Bilim Media Group" компаниясының координаторы Сарсенова Татьяна Альбертовна келіп, оқушылар мен мұғалімдерге "Использование онлайн-ресурсов для успешного обучения" тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушылар толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алса, мұғалімдер өз ұсыныстарын айтты.

                                          28.04.2015  Темирбаева Б.Б.

 Назарбаев Зияткерлік мектеп кітапханаларының тәжірибесімен бөлісу, мектеп кітапханалары арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастар орнату мақсатында Химия-биология бағыты Назарбаев Зияткерлік мектебінде қала мектептерінің кітапханашыларына семинар өткізілді. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар тәжірибе жүзінде көрсетіліп, таныстырылды. Reading Time сағатында оқушылардың 20 минут бойы кітап оқып отырған сәтін көріп, өз мектептеріне де осындай жобаларды енгізіп іске асыратындығын айтты.

 

                    28.05.2015  Темирбаева Б.Б.

"Reading time" уақытында мұғалімдер, қызметкерлер және оқушылар барлық істерін тоқтатып, кітап оқуға кіріседі. Бұл іс-шара сейсенбі және бейсенбі күндері, флешмоб уақытында  болады. Кітап оқу адамның ішкі жан дүниесін рухани байытады және ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін арттыратыны белгілі.

30.04.2015   Темирбаева Б.Б.

 Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханасында оқушылардан құралған "Bookmate" клубы ашылды.  Клубтың мақсаты - балаларды кітап оқуға кызықтыру және жаңа келген кітаптарды жарнамалап буктрейлерлер жасап шығару.      

29.04.2015   Темирбаева Б.Б.

23 сәуір «Халықаралық кітап және авторлық құқық күні» мерекесі қарсаңында жыл бойына кітапхана ұйымдастырған  іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін  оқушылар марапатталды.

25.04.2015   Темирбаева Б.Б.

Адамның миы үздіксіз жұмыс істегендіктен тез шаршайды. Сондықтан, үзілісті қолөнер уақытына бөліп, миды тынықтыруға болады. Балаларға өз қолдарынан бетбелгі тоқуда.

30.04.2015   Темирбаева Б.Б.

2015 жылдың 8 сәуірінде «Майдан жолында» жобасы аясында кітапханамызда ардагермен кездесу өтті. Мектеп оқушылары 95 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Аккузов Таштан атамызбен кездесті. Кездесу барысында ақсақал өзінің майдан жолындағы өмірі, сондай-ақ соғыстан кейінгі жылдарынан сыр шертті. Оқушылармыз өсиет тыңдап, өмірлік сабақ алды.

30.04.2015   Темирбаева Б.Б.

bottom of page