top of page

 

 

"Артық ғылым кітапта,

Ерінбе оқып көруге".

                              Абай

 

Біздің жобалар

100 кітап

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ оқу мен тәрбиенің біртұтастығы негізінде оқушыларды рухани тәрбие мен шығармашылыққа бейімдейтін «Зияткерлік мектеп оқушысына оқуға ұсынылатын 100 кітап» атты жобаны жүзеге асырады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Адам баласының бүкіл ғұмырындағы ең сенімді және ең сабырлы серігі – кітап»,- деп атап өткен болатын. Жобаның мақсаты - оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу. Бүгінгі таңда Білім беру бағдарламалары орталығы 100 кітап тізімін әзірледі. Аталған тізімде 60 қазақ әдебиетінің, 40 әлем әдебиетінің классикасы, оның ішінде 20 - ағылшын, 20 - орыс әдебиеті қамтылған. 

 

Reading time

Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері «Reading time» сағаты өтеді. Бұл күндері күндізгі сағат 11:55 мен 12:15 аралығында мектеп оқушылары түгелдей оқу сағатына отырады. «Reading time» уақытына бөлінетін 20 минут ішінде әркім өзі қалаған кітабын оқуына болады. «Reading time» сағатының біздің мектептебімізді басталғанына 6 айға жуық уақыт болды. Осы уақыт ішінде бір емес, бірнеше кітап тауысқан оқушылар да бар. «Reading time» сағатында қолға алынған кітап қызығушылықты оятады. Содан оқушылар ол кітапты оқуды үйлеріне алып кетеді, құрбыларымен, достарымен бөлісіп кітапқа деген, ондағы оқйғаға деген қызығушылық ұлғаяды.

Bookcrossing

«Вookсrossing» желілік әлеуметтік акциясы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің желісінде 2010 жылдан бастау алады. Ең алғаш рет аталған акция Өскемен қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізілді.  

Вookсrossing – бұл Назарбаев Зияткерлік мектептерінен ауылдағы жалпы білім беретін мектептердің кітапханасына кітап саяхаты. Әр алуан кітаптар мен оқу құралдарын, сөздіктер мен басқа да қажетке жарар пайдалы әдебиетті ауылдағы жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына Зияткерлік мектеп оқушылары, «Назарбаев Зияткерлік мектептер» дербес білім беру ұйымының қызметкерлері тарту етеді.

 

 

 

 

 

Ғылыми бейсенбілік

Оқушылардың өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми тұрғыда ойлану, шығармашылық қабілеттілік дағдыландырын қалыптастыру, оқушыларды үздіксіз білім алуларына жол ашу, өз бетінше тиімді түрде білім алуларына бағыттау,  зерттеуге бағытталған өзіндік іс-әрекеттерін жоспарлау дағдыларын дамыту, болашақтағы зерттеу жұмыстарын қалыптастыру.

Іс-шара әр апта сайын отандық, шетелдік ғалымдармен, белгілі тұлғалармен, ғылымның түрлі салаларындағы мамандармен кездесулер өткізіледі.

 

bottom of page